Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Сарапшылық кездесу
29.04.2026
Сарапшылық кездесу
29 сәуірде Философия, саясаттану және дінтану институтында интеллектуалдық тарих контексіндегі ұлт қалыптастыру мәселелеріне арналған сарапшылық кездесу өтті.

Кездесудің қонағы - тарих ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің профессор-зерттеушісі Лаура Ерекешева болды.

Баяндаманың тақырыбы «Үндістандағы ұлт қалыптастыру: интеллектуалдық тарихтың аспектілері». Баяндама барысында ұлт ұғымын түсіндірудегі негізгі тәсілдер, сондай-ақ ұлтшылдық, ориентализм және деколониалдық тұжырымдамалармен байланысты интеллектуалдық дәстүрлердің қалыптасу ерекшеліктері қарастырылды.

Кездесу барысында қатысушылар ұлт ұғымының әртүрлі теориялық интерпретацияларын, үнді контекстіндегі интеллектуалдық дискурстың ерекшеліктерін, сондай-ақ ұлттық бірегейлікті зерттеудің заманауи тәсілдеріне қатысты кең ауқымды мәселелерді талқылады.

Іс-шара гуманитарлық зерттеулердің өзекті мәселелері бойынша ғылыми диалогты тереңдетуге, пікір алмасуға, сондай-ақ ұлт қалыптастыру үдерістерін салыстырмалы тұрғыда зерделеудің пәнаралық тәсілдерін кеңейтуге ықпал етті.