Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Саяси реформалардың нәтижелері отандық ғалымдар мен сарапшылар талқылады
20.03.2025
Саяси реформалардың нәтижелері  отандық ғалымдар мен сарапшылар талқылады

 

Саяси реформалардың нәтижелері

отандық ғалымдар мен сарапшылар талқылады

 

 

2025 жылғы 19 наурыз сәрсенбіде ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Алматы өкілдігінде "Қазақстандағы реформалар: негізгі жетістіктер мен Даму бағыттары"тақырыбында Ұлттық сараптама алаңының отырысы өтті.

Осыдан үш жыл бұрын, 2022 жылдың наурыз айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жалпыұлттық референдумда барша халық тарапынан қолдауға ие болған конституциялық реформаларға бастамашылық жасап, Ұлттық құрылтайдың құрылғанын жариялаған болатын.

КИСИ GPS алаңында жетекші сарапшылар, саясаттанушылар, ғылыми қауымдастық және қоғамдық ұйымдардың өкілдері саяси жаңғырудың негізгі жетістіктерін, соңғы үш жылда елімізде саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар саласында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстарды талқылады.

Іс-шараға Философия, саясаттану және дінтану институтының саяси зерттеулер орталығының жетекші ғылыми қызметкері Р.Н. Мұстафин қатысып, содан кейін сөз сөйледі.

Талқылауға қатысушылар партиялық және сайлау жүйесінераықтандыру бойынша шаралар іске асырылғанын, президенттік өкілеттіктерді шектеу жөнінде қадамдар жасалғанын, Парламенттің рөлі күшейгенін, Мәжіліс пен мәслихаттарда бір мандатты округтер бойынша сайлау енгізілгенін, депутаттардың өкілеттіктері едәуір кеңейтілгенін атап өтті. Заңның үстемдігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам азаматтар өз құқықтарын қорғау үшін тікелей жүгінуге мүмкіндік алған Конституциялық сотты қайта құру болды.

 

 

ФСДИ Саяси зерттеулер орталығы