Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

IV ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КОНГРЕСТЕ ТҮРКІ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
07.11.2026
IV ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КОНГРЕСТЕ ТҮРКІ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
IV Қазақстандық философиялық конгресс аясында «Түркі философиясы: тұжырымдамалық негіздері, тарихи мұрасы және қазіргі өзгерістер» тақырыбындағы II сессия өтті.

Сессия модераторлары - философия ғылымдарының докторлары, профессорлар Ғазиз Телебаев пен Тұрсын Ғабитов болды.

Сессия барысында түркі философиясының қалыптасуы мен даму тарихы, оның дүниетанымдық негіздері, тарихи-мәдени мұрасы және қазіргі кезеңдегі жаңғыру үдерістері қарастырылды.

Сонымен қатар түркі халықтарының философиялық ойлау дәстүрлері, ортақ рухани құндылықтары мен дүниетанымдық ұстанымдарының сабақтастығы сөз болды. Түркі философиясының әлемдік философиялық кеңістіктегі орны, оның қазіргі қоғамдық және мәдени өзгерістер жағдайындағы маңызына қатысты мәселелер де назарға алынды.

Талқылау барысында тарихи мұраны қазіргі заман тұрғысынан зерделеу, түркі халықтарының ортақ интеллектуалдық мұрасын тану және философиялық дәстүрлерді одан әрі дамыту мәселелері қозғалды.