IV ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КОНГРЕСТЕ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙЛАУ МӘДЕНИЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
07.11.2026
IV Қазақстандық философиялық конгресс аясында «Философиялық ойлау мәдениеті және оның білім беру жүйесіндегі орны» тақырыбындағы I сессия өтті.
Сессия модераторы - Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері Гүлнар Қоянбаева болды.
Сессия барысында философиялық ойлау мәдениетін қалыптастыру, философиялық білімнің білім беру жүйесіндегі рөлі мен оның қазіргі білім беру үдерісіндегі маңызына қатысты мәселелер қарастырылды.
Қатысушылар философиялық ойлаудың сыни пайымдау қабілетін дамытудағы, дүниетанымды қалыптастырудағы және білім алушылардың зияткерлік әлеуетін арттырудағы рөліне назар аударды. Сонымен қатар философиялық білімнің жастарды өз бетінше ойлауға, қоғамдық құбылыстарды талдауға және түрлі көзқарастарды саралауға үйретудегі маңызы сөз болды.
Талқылау барысында философияны оқытудың қазіргі тәсілдері, білім беру мазмұнындағы гуманитарлық білімнің орны және философиялық ойлау дағдыларын дамыту мәселелері де қозғалды.