Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

IV ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КОНГРЕСТЕ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
07.11.2026
IV ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КОНГРЕСТЕ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
IV Қазақстандық философиялық конгресс аясында «Дала философиясы: зерттеу бағытының қалыптасуы, дереккөздері, ұғымдары және әдістемесі» атты пікірталас алаңы өтті.

Пікірталас алаңының модераторы - PhD, қауымдастырылған профессор Нұржан Құлұмжанов болды.

Кездесу барысында дала философиясын дербес зерттеу бағыты ретінде қалыптастыру, оның теориялық және әдіснамалық негіздерін айқындау мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар дала дүниетанымын зерделеудегі тарихи дереккөздердің маңызы, негізгі ұғымдар мен философиялық түсініктердің мазмұны талқыланды.

Қатысушылар қазақ даласының рухани және интеллектуалдық мұрасын философиялық тұрғыдан зерделеу, дәстүрлі дүниетанымның ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан пайымдау және тарихи-философиялық деректерді жүйелеу мәселелеріне назар аударды.

Сондай-ақ дала философиясының негізгі категорияларын айқындау, оның зерттеу әдістерін қалыптастыру және көшпелі өркениеттің философиялық мұрасын қазіргі ғылыми кеңістікте таныту бағыттары сөз болды.