Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ ТҰЛҒА МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
19.11.2026
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ ТҰЛҒА МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
2026 жылғы 19 қарашада Философия, саясаттану және дінтану институтында көрнекті қазақ ғалымы, философ әрі ойшыл Ақжан әл-Машанидің туғанына 120 жыл толуына орай «Қазақ философиясындағы тұлға мәселесі: тарихы мен бүгіні» атты дөңгелек үстел өтті. Ғылыми кездесу IV Қазақстандық философия конгресі аясында ұйымдастырылды.

Талқылауда философиядағы іргелі мәселелердің бірі - адам, оның рухани әлемі, құндылықтары мен қоғамдағы орны сөз болды. Дөңгелек үстелге Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген ғалымдармен қатар Ресей, Әзербайжан, Беларусь, Өзбекстан және Тәжікстан зерттеушілері қатысты. 

Баяндамаларда қазақ философиялық дәстүріндегі тұлға ұғымының тарихи қалыптасуы, оның адамгершілік негіздері мен қазіргі көзқарастар қарастырылды.

•  Дөңгелек үстелдің модераторлары ФСДИ бас ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессор Серік Нұрмұратов және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессор-зерттеушісі, «Қазақ философиясы» ғылыми-білім беру орталығының директоры, философия ғылымдарының докторы Гүлжихан Нұрышева болды.

Кездесу аясында Гүлжихан Жұмабайқызы Нұрышеваның ғылыми және оқу басылымдарының таныстырылымы өтті. Қатысушыларға үш томдық «Философия хрестоматиясы», «Философия» және «Philosophy» оқулықтары, сондай-ақ «The Problem of Meaning of Life in Kazakh Philosophy» монографиясы таныстырылды.

Ақжан әл-Машанидің мерейтойына орай тұлға мәселесіне қайта үңілу кездесудің мазмұнын тереңдете түсті. Ғалымның ғылыми-философиялық мұрасы адам болмысы, таным, руханият және дәстүр мен жаңашылдықтың сабақтастығы туралы ой-толғамдардың маңызын бүгінгі күнге дейін жоғалтқан жоқ.

Дөңгелек үстел IV Қазақстандық философия конгресінің қорытынды күні өтті. 3-19 қараша аралығында өткен Конгресс аясындағы ғылыми іс-шаралар Алматы, Астана, Түркістан, Қостанай, Өскемен және Қарағанды қалаларын қамтыды. 19 қарашада конгрестің салтанатты жабылу рәсімі өтті.