Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Халықаралық ынтымақтастықты дамыту
25.08.2026
Халықаралық ынтымақтастықты дамыту
«Қазақстан қоғамын жаңғырту үдерістеріндегі жасанды интеллект мүмкіндіктері мен тәуекелдерін тұжырымдамалық пайымдау: жасанды интеллект және әлеуметтік әділеттілік этикасы» жобасын іске асыру аясында ФСДИ Әлеуметтану орталығының жетеушісі Шырын Тленчиева мен ғылыми қызметкер Айдана Серікбаева 2026 жылғы 11–14 тамызда АҚШ-тың Лексингтон қаласындағы Кентукки университетінде өткен Өмір сапасын зерттеу халықаралық қоғамының (ISQOLS) 24-ші жыл сайынғы конференциясына қатысты.

Конференция өмір сапасы, субъективті әл-ауқат және әлеуметтік зерттеулер саласындағы әртүрлі елдердің зерттеушілерін біріктірді. Институт өкілдерінің қатысуы ғылыми тәжірибе алмасуға және кәсіби байланыстарды дамытуға мүмкіндік берді.

Конференция қорытындысы бойынша Эразм университетінің (Роттердам) Erasmus Happiness Economics Research Organisation (EHERO) академиялық директоры, әл-ауқат экономикасы және өмір сапасына әсер ететін әлеуметтік факторлар саласының маманы, профессор Мартейн Я. Бургермен (Martijn J. Burger) одан әрі ғылыми ынтымақтастық орнату жөнінде келісімге қол жеткізілді.

25 тамызда Институт басшылығының қатысуымен онлайн-кездесу өтіп, онда бірлескен зерттеулер жүргізу және халықаралық ғылыми бастамаларға қатысу перспективалары талқыланды.

Кездесу барысында әлеуметтік трансформациялар, цифрлық технологиялар және жасанды интеллект, сондай-ақ олардың әлеуметтік және этикалық салдарын зерттеу бағыттарындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Бұл бағыттар Институтта жүзеге асырылып жатқан «ЖИ және этика..» жобасының тақырыбымен тікелей байланысты.

Тараптар ғылыми диалогты жалғастыруға, бірлескен зерттеу бастамаларын әзірлеуге және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдірді.

Шетелдік ғылыми-зерттеу орталықтарымен кәсіби байланыстарды кеңейту пәнаралық зерттеулерді дамытуға және қазақстандық әлеуметтану ғылымының халықаралық академиялық кеңістіктегі ұстанымын нығайтуға ықпал етеді.