Өзбекстан Республикасы Елшілігінің кеңесшісімен кездесу
16.06.2026
Институтта Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі Азиз Абдуллаевич Насировпен кездесу өтті.
Кездесу барысында өңірлік ынтымақтастық мәселелері, Орталық Азия елдерінің халықаралық және өңірлік деңгейдегі өзекті мәселелер бойынша ортақ ұстаным қалыптастыруға ұмтылысы талқыланды.
Тараптар Орталық Азияға Еуразияның маңызды орталығы ретінде қызығушылықтың артып келе жатқанын атап өтіп, бауырлас халықтар арасындағы тәжірибе алмасудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар Өзбекстандағы ұлттық жаңғыру тұжырымдамасы, ортақ тарихи-мәдени мұраны сақтау және өңірлік өзара іс-қимылды нығайту мәселелері сөз болды.
Кездесу барысында тараптар Орталық Азияның дамуындағы заманауи үрдістер, өңірлік ынтымақтастықтың келешегі және өңір елдері арасындағы байланыстарды нығайтудағы сарапшылық қауымдастықтың рөлі жөнінде пікір алмасты.