Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ
20.11.2026
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ
2026 жылғы 20 қарашада Философия, саясаттану және дінтану институтында Ғылыми кеңестің отырысы өтті.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе 2026 жылдың қорытындысы бойынша ғылыми жобалар мен бағдарламалардың іске асырылуы жөніндегі жетекшілердің жылдық есептерін қарастыруға арналды.

Отырыс барысында ғылыми жобалар мен бағдарламалардың жетекшілері атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, жүргізілген зерттеулердің негізгі бағыттарын, жоспарланған іс-шаралардың орындалу барысын және қол жеткізілген ғылыми нәтижелерді баяндады. Есептерде зерттеу міндеттерін жүзеге асыру, ғылыми жарияланымдар дайындау және алынған нәтижелерді ғылыми ортада талқылау мәселелеріне де назар аударылды.

Ғылыми кеңес мүшелері ұсынылған материалдарды талқылап, атқарылған жұмыстардың бекітілген жоспарлар мен міндеттерге сәйкестігін, сондай-ақ әрбір бағыт бойынша ғылыми-зерттеу қызметінің қорытындыларын қарастырды.

Талқылау барысында қол жеткізілген нәтижелер мен одан әрі пысықтауды қажет ететін мәселелер айқындалды. Есептерді қарау қорытындысы бойынша Ғылыми кеңес тиісті шешімдер қабылдады.