ФСДИ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ
22.05.2026
2026 жылғы 22 мамырда Философия, саясаттану және дінтану институты Ғылыми кеңесінің отырысы өтті.
Отырыста Институттың ғылыми және сарапшылық-талдау қызметін ұйымдастыруды жетілдіруге қатысты мәселелер қаралды. Күн тәртібіне сәйкес Ғылыми кеңес мүшелері ғылыми, ақпараттық-консультациялық және ғылыми-әдістемелік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін регламенттейтін Ережені талқылап, бекітті.
Сондай-ақ А.Қ. Бисенбаевтың «Ғылыми процессингтің эволюциясы мен эргономикасы» атты монографиясын баспаға ұсыну мәселесі қаралып, талқылау нәтижесінде ол жариялауға ұсынылды.
Қабылданған шешімдер Институттың ғылыми қызметін институционалдық тұрғыдан дамытуға, ғылыми жарияланымдардың сапасын арттыруға және ғылыми-зерттеу әлеуетін нығайтуға бағытталған.