ФСДИ Дінтанулық зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері Нұрмұхаммед Мейманхожа Stan.kz ақпараттық порталына берген сұхбатында діни радикализмнің алдын алу мәселесіне қатысты пікірімен бөлісті.
Сұхбат барысында сарапшы Алматы қаласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жүйелі жүргізіліп жатқанын атап өтіп, дін саласындағы заңнама талаптарын сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар заңсыз миссионерлік қызметтің, рұқсатсыз діни контенттің таралуының және шетелдегі күмәнді діни орталықтардан діни білім алудың алдын алу мәселелеріне назар аударды.
https://stan.kz/radikalizmnen-onaluga-deiin-qazaqstanda-kumandi-ideologiiaga-qarsy-qan-437744/