Орталық Азиядағы жаңа экономикалық байланыстар туралы
08.10.2026
Философия, саясаттану және дінтану институтының жетекші ғылыми қызметкері Руслан Изимов DalaNews.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Орталық Азия елдері арасындағы экономикалық байланыстарды дамыту, көлік-логистикалық бағыттарды кеңейту және өңірдің транзиттік әлеуетін арттыру мәселелеріне тоқталды.
Сарапшы Қазақстанның сауда байланыстарын нығайту, Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту, Оңтүстік Азия нарықтарына шығу және су ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі бастамаларының маңызын атап өтті.