Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Жаңа дәуірдің сын-қатерлеріне жедел жауап беру
12.10.2026
Жаңа дәуірдің сын-қатерлеріне жедел жауап беру
Рүстем Мұстафин, Цифрлық әлеуметтік ғылымдар орталығының жетекшісі

Жалпыұлттық референдумда жаңа Конституция қабылданды. 1 шілдеден бастап ол ресми түрде күшіне еніп, 1995 жылғы Негізгі заң дәуіріне нүкте қойды. Болған өзгерістердің мәнін түсіну үшін оларға кеңірек тарихи контексте қарау қажет.

Бұл тұрғыда философ Томас Кунның ғылыми революциялар тұжырымдамасы белгілі бір теориялық бағдар береді. Ірі жүйелер біртіндеп емес, секірмелі түрде өзгереді: қолданыстағы тәртіп өз міндеттерін орындауға қабілетті болған кезде, ол сақталып, жетілдіріле береді. Алайда бір сәтте бұрынғы модель қордаланған қайшылықтарды тиімді шешуге мүмкіндік бермей, жүйелі жаңаруды талап етеді.

Мұны шартты түрде әлі де жұмыс істеп тұрғанымен, кейбір бағдарламаларды қолдамай қалған смартфонмен салыстыруға болады. Белгілі бір уақытқа дейін оны жаңартып пайдалануға болады, бірақ кейін жаңа буындағы құрылғыға көшу қажеттілігі туындайды. Мемлекеттік институттарда да осыған ұқсас үдеріс жүреді.

kazpravda.kz