Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде ел дамуының негізгі бағытын айқындап, білімге негізделген экономикаға көшу қажеттігін атап өтті. Бұл ретте ғылыми әлеует мемлекеттің халықаралық беделін айқындайтын басты факторлардың біріне айналатынына назар аударылды. Мемлекет басшысы ғылымды қаржыландыру көлемінің артып келе жатқанын, жасанды интеллекттің маңызын және ғылыми зерттеулердің практикалық нәтижесіне басымдық беру қажеттігін ерекше атап өтті.
Ғылыми қауымдастыққа қандай негізгі месседждер жолданғаны және жаңа басымдықтардың Қазақстандағы ғылым дамуына қалай әсер етіп жатқаны туралы inbusiness.kz порталына Институт қызметкері Рүстем Мұстафин пікір білдірді.
https://inbusiness.kz/ru/last/stavka-na-nauku-kak-novye-prioritety-kazahstana-menyayut-ekonomiku-i-politiku