Бүгінгі заман – білім мен ғылымның ғасыры. Осыған орай жаңа Конституция жобасына еліміздегі аталған саланың өркендеуіне қатысты маңызды нормалардың енгізілуі – уақыт талабы.
ФСДИ бас директорының орынбасары Ермек Тоқтаровтың айтуынша, жаңа Ата заңның қабылдануы ғылым үшін маңызды жаңалық болмақ. Ол ғылымның құндылық ретінде Негізгі заң преамбуласында, сондай-ақ стратегиялық басым бағыт ретінде үшінші бапта аталғанын атап өтті.
Сондай-ақ Институттың бас ғылыми қызметкері Асқар Шоманов биылғы жыл басталғалы еліміз үшін маңызды саяси оқиғалар орын алып жатқанын, соның ішінде ең өзектісі жаңа Конституция жобасын қабылдау жөніндегі республикалық референдум екенін айтты.
Turkystan.kz