Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ерлан Қарин Қазақстанның Вице-президенті қызметіне тағайындалды.
01.09.2026
Сарапшылардың пікірінше, бұл шешім саяси реформалардың заңды жалғасы болып, мемлекеттік басқару жүйесіндегі сабақтастықты қамтамасыз етуге бағытталған.
ФСДИ Салыстырмалы саяси зерттеулер орталығының жетеушісі Айдар Әмребаев жаңа қызметтің ерекшеліктеріне тоқталып, Вице-президент лауазымының негізгі міндеттері көбіне ішкі саясат бағытымен байланысты болатынын атап өтті.