ИРН: AP13068253
Руководитель проекта: Шағырбай А.Д
Қазіргі таңда діннің өзектілігі еліміздегі діни сананың жаңғыруымен байланысты. Сонымен қатар заманауи либералды-демократиялық қоғамның дамуы қазақстандық қоғам үшін де, әлемдік қауымдастық үшін де толерантты сұхбаттық дүниетанымды қалыптастырудың маңыздылығын алға тартады. Тәуелсіздік алғалы бері демократиялық идеология аясында қоғамда діннің рөлі үнемі өсіп келеді. Қазіргі замандағы қазақстандықтардың діндарлығы көбіне діни дәстүрге деген қызығушылықтары мен діни бірегейлік жолындағы ізденістерден туындаған, алайда, көптеген қазақстандықтар үшін діндарлық ресми-абстрактілі сипатта ғана. Себебі классикалық кезеңдердегі діни жүйенің дәстүрлі және дәстүрлі емес аясы туралы бұлыңғыр түсініктер бар.
Ұсынылып отырған жобаның идеясы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының дүниетанымына тән діни ой-толғамдар қазіргі заманғы дінтанулық парадигмада айқындалып, бүгінгі отандық гуманитарлық ғылым талаптарына жауап беретіндей ғылыми нәтижелер ұсыну.