ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАСТАРДЫҢ САЯСИ МӘДЕНИЕТІ: ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ЖАҢА ТРЕНДТЕР

Книги


ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАСТАРДЫҢ САЯСИ МӘДЕНИЕТІ: ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ЖАҢА ТРЕНДТЕР

СКАЧАТЬ

Аннотация
Бұл ұжымдық монографияда ел өмірінің әлеуметтік, экономикалық, саяси
және тағы да басқа көптеген салаларының белсенді түрде цифрлануы аясында
қазақстандық жастардың саяси мәдениетінің өзгеру тенденциялары жан-жақты
зерттелінеді. Саяси мәдениеттің өзгеру беталысын анықтау қоғамдық сананың
жаңғыруының жаңа аспектілерін, цифрлы технологияларды енгізумен бай-
ланысты оның жағымды және жағымсыз ықпалдарын айқындауға мүмкіндік
береді. Заманауи цифрлы технологиялардың жаппай таралуы жағдайында
әлемдік цифрландыру саласында көшбасшы саналатын елдер жастарының саяси
белсенділігінің артуына салыстырмалы талдау жүргізілді және жастардың саяси
мәдениетіне тигізетін ықпалының ортақ белгілері анықталады.
Аталмыш ұжымдық монография саясаттану мамандығы бойынша ғылыми
сарапшылық қауымдастыққа, жастар саясатымен айналысатын мемлекеттік
органдарға, жоғарғы оқу орындарында білім беретін оқытушылар мен оқитын
студенттерге, жалпы қалың оқырман қауымға арналады.

ҚР ҰҒА академигі, әлеуметтану ғылымдарының докторы,
профессор С.Т. Сейдумановтың жалпы редакциясымен
Пікір білдірушілер:
Е.К. Алияров, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор
Т.Қ. Әуелғазина, саясаттану ғылымдарының докторы, доцент
Ш.А. Ишмухамедов, саясаттану ғылымдарының кандидаты