Қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруындағы қазақ философиясының рөлі мен маңызы

Книги


 Қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруындағы қазақ философиясының рөлі мен маңызы Кітап атауы:
Қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруындағы қазақ философиясының рөлі мен маңызы. 

Ұжымдық монография. – Алматы:
ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану Институты, 2020. – 341 б.

Жұмыстың қысқаша мазмұны:
Ұжымдық монографияда қазақ халқы философиясының қалыптасуы мен дамуының мифологиялық, тарихи, мәдени негіздері заманауи құндылықтар тұрғысынан сараптаудан өткізіледі. Авторлар философиялық зерделеудің ұлттық типінің құндылықтық-мағыналық аспектілерін ашып көрсете отырып, қазақ философиясының түркілік тамырларын айқындап, қазақ философиясын «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазіргі қазақстандық қоғамның рухани және онтологиялық-мәдени мәселелерінің әдіснамасы ретінде зерттейді.

Қолданылу аймағы:
Оқырмандарға ұсынылып отырған кітап философия тарихы мен қазақ мәдениетінің ерекшеліктерін зерделеуге ұмтылатын мамандарға, жоғары оқу орындарының оқытушыларына, докторанттарға, магистранттарға, философиялық және мәдениеттанушылық мамандықтардың бакалаврларына, қазақ философиясы мәселелері қызықтыратын көпшілік оқырман қауымға арналған.