Мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру факторлары.

06.02.2025

Мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру факторлары.

Мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру факторлары.

 

 

2025 жылғы 5 ақпан сәрсенбіде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институтының саяси зерттеулер орталығы "2025 жылғы 28 қаңтардағы Мемлекет басшысының қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы: өзекті аналитика айнасында"тақырыбында сараптамалық талқылау өткізді. Іс-шараға Саясаттану, Экономика, мемлекеттік басқару және әлеуметтану саласындағы жетекші сарапшылар қатысты. Талқылау барысында мемлекеттік саясаттың тиімділігі, әлемдік экономиканың Қазақстанның тұрақтылығына әсері, әлеуметтік саланың даму перспективалары, инвестициялық ахуал, сондай-ақ ықтимал сын-қатерлер мен тәуекелдерді болжау мәселелері қаралды. Сарапшылар Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысы барысында ел Президенті мемлекеттік басқарудың нәтижелілігін арттыру қажеттігін атап өтті.

Атап айтқанда, тиісті стратегиялық құжаттардың болуына қарамастан реформаларды іске асырудың төмен тиімділігі мәселесі қозғалды. Дөңгелек үстелге қатысушылар мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттырудың негізгі факторлары болуы тиіс деген ортақ пікірге келді: - бюрократиялық рәсімдерді қысқарту; - мемлекеттік органдардың есептілігін күшейту; - цифрлық технологияларды кеңінен енгізу. Мемлекеттік органдардың қызметін бағалаудың дәстүрлі тетіктері қайта қарауды талап ететіні атап өтілді. Макроэкономикалық көрсеткіштерге ғана емес, халықтың өмір сүру сапасын нақты жақсартуға да назар аудару қажет. Осы тұрғыда мемлекеттік органдардың қызметіне қоғамдық бақылауды күшейту және қоғамдық мониторинг тетігін кеңейту ұсынылады. Талқылау барысында әлемдік экономиканың Қазақстанға әсері туралы мәселе қаралды.

 

Репортаждың толық мәтіні сілтеме бойынша: https://www.instagram.com/p/DFsb7MCskRe/?utm_source=ig_web_copy_link