Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері

13.12.2023



Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері

Философия, саясаттану және дінтану
институты дінтану орталығының
аға ғылыми қызметкері Қасабекова Е.Қ

Тәуелсіздікті аңсаған ата-бабаларымыздың арманы орындалып, Қазақстан Республикасы 1991 жылы өз тәуелсіздігіне қол жеткізді. Содан бері отыз жылдан аса уақыт өтті, «отыз жыл» ғасырдың бір ширегінен аса уақыт. Сонау тәуелсіздік алған жылы туылған азаматтар 30 жасқа келді. Салыстырмалы түрде, 30 жасқа келген азаматтан өмірдегі жеткен жетістіктері туралы сұрау әлі ертелеу, дегенмен де 30 жылда ел жаңа демекші, елдің егемендік кезеңінде алған асулары, жеткен жетістігі туралы ауыз толтырып айтуға болады.
Егемендік кезеңіндегі отыз жыл уақытты айтуға оңай көрінгенімен, ол артта қалған қаншама қиындықтар мен кедергілер, бұғаттар, қаншама халықтың ерен еңбегі. Осы уақыт аралықтарында халық жоқшылық, қиындық, жетіспеушілік, жұмыссыздық секілді қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткерді. Бүгінгі таңда еліміз сонау қиындықтар мен кедергілерді артқа тастап, өтпелі кезеңдерді еңсеріп, дамудың басқа сатысына өтті. Тәуелсіздік елдегі ғылым және білім саласындағы оң реформаларды, шетелде білім алу, оқу тәжірбиесінен өту, тәжірбие алмасу, шәкіртақы мен жалақының артуы, шетелдік және ортақ жобаларға қатысу секілді іс-шаралардың бастамасына себепкер болды. Егемендік жылдары бой көтерген ғылыми-зерттеу орталықтары, үлкен оқу ғимараттары, білім ғылым-саласындағы жеңістер мен жетістіктер оның айқын айғағы іспеттес.
Осы уақыт аралығында елімізде, соның ішінде ғылымның әр салаларында игі істер атқарылып, көптеген белестерді бағындырдық десек, артық айтпаған болар едік. Білім және ғылым саласында еңбек етіп, мемлекеттің осы саладағы мақсат-мүддесін жоғары дәрежеде атқарып отырған ғылыми зернттеу институттарының бірі – ҚР ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты.
Биыл аталмыш институттың 65 жылдық мерейтойы. Тәуелсіз Қазақстанның білім және ғылым саласын дамыту барысында өзіндік айқын орны бар ғылыми зерттеу институтының мемлекет мүддесі үшін атқарып отырған игі істері де аз емес.
Философия, саясаттану және дінтану ғылымдарының дамуына, жандануына өз тарапынан барынша үлкен үлес қосқан қасиетті білім-және ғылым орталығы деп айта аламыз.
Аталмыш ғылыми зерттеу институтының қызметі 1958 жылы басталып, оның алғашқы басшысы Зиманов Салық Зиманұлы болды. 65 жыл аралығында аталмыш ғылым орталығында жүздеген ғалымдар қызмет атқарды, жүздеген жас ғалымдар білім және ғылыми саласында абыройлы қызметтер атқарып отырған жайы бар. Осы ғылыми зерттеу институтының түлектері мемлекеттік дәрежедегі белді мамандар, майталман қайраткерлер.
Бүгінгі күні бұл институттың Бас директоры – Сейдуманов Серік Тұрарұлы. Серік Тұрарұлының бастамасымен институт бірнеше мемлекеттік гранттық жобаларға, ғылыми-зерттеу саласындағы соңғы үлгідегі мега жобаларға қол жеткізді. ФСДИ ғылыми зерттеу институттарының ішінде ел үшін маңызды философия, саясаттану және дінтану бағдары бойынша қызмет атқарып келеді.
Аталмыш салалардағы эксперттер мемлекеттегі татулықтың іргесін қалауға өзіндік үлесін қосуда. Соңғы кезеңдердегі халық үшін маңызды болып отырған саяси және діни жағдайлардың қалыпты дәрежеде бағдарлауға ат салысып отырған ғылыми-зерттеу институтының рөлі аз емес. Осы орайда еліміздің тәуелсіздігі құтты болсын дей отырып, елімізге баянды бақ, тұғыры мықты ел қатарында болып, тәуелсіздік Қазақстанның туын ұстар азаматтардың өсіп-өнуіне тілектеспіз! Сондай-ақ, ФСДИ ғылыми зерттеу институтының басшылығы мен ұжымын келе жатқан мерейтоймен құттықтай отырып, ел болашағына тигізер үлесіміз орасан зор болсын демекпіз!
    https://www.instagram.com/p/C0wQ4QvMa9S/?utm_source=ig_web_copy_link