Казахстан и Центральная Азия в современных международных отношениях

18.01.2024



Қазақстан және Орталық Азияның

қазіргі халықаралық қатынастары хақында

      

2024 жылғы 18 қаңтарда  бейсенбіде Философия, саясаттану және дінтану Институты Бас директорының орынбасары Үлес Мадиярұлы Нысанбек  "Қазақстан және Орталық Азия қазіргі халықаралық қатынастарда: Геосаясат және қауіпсіздік"  мәселесі бойынша дөңгелек үстел отырысына қатысты.

Дөңгелек үстелді өткізудің бастамашылары - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің алаңында ғылыми іс-шараның пленарлық отырысын ұйымдастырып, оны белгілі дипломат және ғалым, саясаттану ғылымдарының докторы М.Т. Лаумулинді еске алуға арнады.

Дөңгелек үстелге қатысушылар халықаралық жағдайдың даму перспективаларын талқылап, Қазақстанның Орталық Азия үшін жаңа геосаяси жағдайдағы рөліне қатысты сөз сөйледі. Геосаяси әріптестікті дамыту үдерістері мен аймақ қауіпсіздігінің аспектілеріне қатысты сараптамалық тезистер, болжамдар мен мәлімдемелер айтылды.

Іс-шара барысында бірқатар спикерлер және әріптесі М.Т. Лаумулинмен жұмыс істеген жылдары туралы естеліктерімен бөлісті және оның жеке басының азаматтығының жан жылулығын атап өтті. "Мұрат Лаумулиннің еңбек қызметі жан-жақты болды, ол ғылыми-сараптамалық құрылымдарда, жоғары білім беру саласында жұмыс істеді. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде жауапты қызметтер атқарды. Қай жерде жұмыс істесе де, ол әрқашан жоғары біліктілігімен, эрудициясымен, зиялылығымен ерекшеленді, адамдарға мұқият болды", - деп атап өтті дөңгелек үстелге қатысушылар өз сөзінде.

ФСДИ Ақпараттық-ұйымдастыру жұмыс орталығы