Сәдуақасова Айгүл Кәкімбекқызы
Білімі: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Тарих" мамандығы бойынша, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Әлеуметтану" мамандығы бойынша бітірген.
Ғылыми дәрежесі және ғылыми атақтары: Әлеуметтану ғылымдарының докторы, "Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет дамуына әлеуметтанулық талдау" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. "Болашақ" халықаралық бағдарламасының стипендиаты (ғылыми тағылымдама, 2022-2023 жж., АҚШ, Syracuse University, Maxwell School of Citizenship and Public Affairs).
Еңбек қызметі:
· С.Сейфуллин атындағы аграрлық университеттің әлеуметтану кафедрасында оқытушысы. (1995-1997);
· ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің БАҚ департаментінің бас маманы. (2001-2002);
· ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің БАҚ департаментінің БАҚ-ты есепке алу және мониторинг бөлімінің басшысы. (2002);
· ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының Мемлекеттік басқару және Мемлекеттік қызмет теориясы мен практикасы ҒЗИ директорының орынбасары. (2002-2003);
· ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының социологиялық орталығының жетекшісі. (2005-2006);
· ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы Саяси технологиялар кафедрасының доценті, сондай-ақ "KazEnergy" қауымдастығының сарапшы-талдаушысы. (2006-2007);
· Nur Otan партиясы Парламентаризм институты социологиялық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі. (2007-2010);
· ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Орталық Азия өңірінде Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі. (2011-06.2020);
· Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары. (06.2020-04.2025);
· ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының Бас директоры (04.2025 бастап)
Басқа лауазымдар:
· Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық кеңесінің төрағасы
Ғылыми жарияланымдары:
Қазақстандық және шетелдік басылымдарда 100-ден астам ғылыми мақалалар мен жарияланымдардың авторы. Этносаясат пен этносаралық ахуалды социологиялық зерттеу әдістемесі саласындағы мемлекеттік бағдарламалар мен тұжырымдамаларды әзірлеуге қатысқан.