2026 жылғы 10 қарашада Философия, саясаттану және дінтану институты Дінтанулық зерттеулер орталығының қызметкерлері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранттарымен кездесу өткізді.
10.11.2026
Көріністер: 50
2026 жылғы 10 қарашада Философия, саясаттану және дінтану институты Дінтанулық зерттеулер орталығының қызметкерлері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранттарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында магистранттардың магистрлік диссертация тақырыптары талқыланды. Атап айтқанда, зерттеу тақырыптарының өзектілігі, ғылыми-теориялық негіздері, зерттеудің мақсаты мен міндеттері, сондай-ақ диссертациялық жұмыстардың құрылымы мен мазмұны қарастырылды.
Сонымен қатар, ғылыми зерттеулерді жүргізу, зерттеу тақырыптарын нақтылау және диссертациялық жұмыстарды белгіленген талаптарға сәйкес дайындау бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.