Құрметті әріптестер, авторлар, оқырмандар және достар!
«Адам әлемі» философиялық және қоғамдық-гуманитарлық журналының 2026 жылғы 3-нөмірі (№ 3(109)) жарық көргенін қуана хабарлаймыз.
Жаңа шығарылым философия, дінтану, саясаттану және әлеуметтік ғылымдар салаларындағы заманауи зерттеулердің кең ауқымын қамтиды. Авторлар мәдениет пен білім беру, цифрлық орта, діни және әлеуметтік бірегейлік, саяси трансформациялар, өңірлік үдерістер, сондай-ақ ғылыми-технологиялық даму мәселелерін қарастырады. Нөмірдің тақырыптық әртүрлілігі қазіргі гуманитарлық ғылымның пәнаралық сипатын айқындап, заманауи қоғамдағы өзекті үдерістерді ғылыми тұрғыдан пайымдауға мүмкіндік береді.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (ҒЖБССҚК) ұсынатын ғылыми басылымдар тізіміне «Философия», оның ішінде мәдениет философиясы және дін философиясы ғылыми бағыттары бойынша енгізілген «Адам әлемі» журналы Институт тарапынан шығарылады.
3-нөмірдің материалдарымен журналдың сайтынан танысуға болады:
https://adamalemijournal.com/index.php/aa/issue/view/61