Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

SOCIOLOGY.KZ журналының 2026 жылғы 3-шығарылымы - Том 1, №3
05.10.2026
Көріністер:  8

SOCIOLOGY.KZ журналының 2026 жылғы 3-шығарылымы - Том 1, №3
Құрметті әріптестер, зерттеушілер, авторлар және оқырмандар!

Философия, саясаттану және дінтану институтының бастамасымен әлеуметтану және сабақтас ғылым салаларындағы өзекті мәселелерге арналған жаңа ғылыми SOCIOLOGY.KZ журналының жарық көргенін еске саламыз.

Осы орайда SOCIOLOGY.KZ журналының 2026 жылғы 3-шығарылымы - Том 1, №3 саны жарық көргенін қуана хабарлаймыз.

Журнал қазіргі әлеуметтанулық зерттеулерді жариялауға, ғылыми диалогты дамытуға және Қазақстандағы, сондай-ақ халықаралық кеңістіктегі маңызды әлеуметтік үдерістерді терең зерделеуге бағытталған мамандандырылған ғылыми алаң ретінде дамып келеді.

Жаңа шығарылымда әлеуметтік зерттеулердің әдістемесі мен әдістеріне, әлеуметтік-мәдени трансформациялар, бірегейлік пен диаспораларға, демография, гендер және әлеуметтік инклюзия мәселелеріне, сондай-ақ экономикалық әлеуметтануға арналған ғылыми мақалалар ұсынылған. Зерттеулер қазіргі қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер мен трансформацияларды әртүрлі ғылыми тәсілдер тұрғысынан қарастырып, Қазақстандағы этникалық және әлеуметтік үдерістерді, жастардың цифрлық дағдылары мен еңбек нарығына бейімделуін және қоғам дамуының өзге де өзекті қырларын зерделеуге бағытталған.

Журналдың жаңа шығарылымының материалдарымен танысуға шақырамыз: ???? https://journalsociology.kz/index.php/js/issue/view/5


← Тізімге қайту