Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы
Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтына 30 жыл
2023 жылғы 14 маусым күні ҚР ҰҒА академигі ФСДИ Бас директоры С.Т. Сейдуманов Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты басшылығының бастамасымен Алматы қаласында өткен "Қазақстанның стратегиялық дамуын талдамалық қамтамасыз етуге ҚСЗИ қосқан үлесі" атты дөңгелек үстел отырысына қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар алдындағы құттықтау сөзінде С. Т. Сейдуманов мысал ретінде қолданыстағы мемлекеттік менеджменттің тиімді жүйелік алгоритмдерін іске асыруғы ерекше рөлін атап өтіп, елімізде мемлекеттілікті нығайтуға мүмкіндік берген Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты қызметкерлері мен басшылығының практикалық жетістіктерін келтірді.
Дөңгелек үстел отырысына ҚСЗИ-нің бұрынғы қызметкерлері, жоғары оқу орындарының магистранттары, докторанттары, зерттеу ұйымдары мен талдау орталықтарының қызметкерлері қатысты. Іс-шараға қатысушылар үшін "ҚСЗИ-ға 30 жыл: даму шежіресі" тарихи-деректі көрмесі ұйымдастырылды.

ФСДИ ақпараттық-ұйымдастыру жұмысы орталығы