30 тамыз - Конституция күні
1995 жылы 30 тамыз тәуелсіз Қазақстанның тарихына Конституция күні болып белгіленді. Конституция кез келген мемлекеттің негізгі заңы, тәуелсіздігінің символы. Ғасырлар бойы күткен тәуелсіздіктің тәтті дәмін тататын уақыттың келгенін дәйектейтін заңның өз күшіне енуі әрбір азаматтың жүрегінде отансүйгіштік сезімін ұялатты.
Конституция күні белгіленген күннен бастап бұл Заң Жобасына негізгі 6 өзгеріс еніпті. Әр өзгерістің өзіндік тарихы, өзіндік орны бар. Елдің, жердің өркендеуі мен өсуінің кепілі Ата заңның дұрыс бағытта жұмыс жасауымен тікелей байланысты. Еліміздің Конституциясы 30 жылға жуық ел азаматтарына талапқа сай қызмет етіп келеді, 30 жылдық тәуелсіздігі бар мемлекеттің дамуындағы басты бағдарлардың бірі ел тыныштығы, ел бірлігін сақтау. Ендеше еліміз мәңгі жасасын,өркендей берсін, Конституция күнін тойлау бақытын мәңгі бұйырсын дегіміз келеді.
ФСДИ дінтану орталығының ғылыми қызметкері Қасабекова Е.Қ.