Бақытжан Шынар Ержанқызы ФСДИ ғылыми қызметкері
Астанада өткен 20 жылдық тарихы бар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі аясында алғаш рет гендерлік мәселе талқыланды. Кездесудің күн тәртібіндегі басты тақырыптардың бірі - "Әйелдің қоғамның әл-ауқаты мен тұрақты дамуына қосқан үлесі және әйелдің әлеуметтік мәртебесін қолдаудағы діни қоғамдастықтардың рөлі" болды. Гендерлік тақырып экстремизмге қарсы күрес пен оқу-ағарту мәселесінен маңызды болмаса, кем емес. Себебі әйел құқығы – ол адам құқығы.
Өркениет дамып, тарих алға жылжығанымен әлі күнге дейін дінді патриархалды ұғым деп таныдық. Әйелдер құқығы бір жақта қатал, басқа жақта жеңілдеу қысымға тап болғанымен, жалпы бүкіл әлем бойынша шешуді талап ететін үлкен мәселе. Қазақстан әлемдік діндерді гендер тақырыбы бойынша ортақ консенсусқа шақырып, әйелдер мәртебесін нығайту жолдары тура Еуразия жүрегінде талқыланғаны өркениетіміздің жарқын болашағына сенім береді.
Көпұлтты, көпконфессиялы, мультимәдениетті еліміздің әрбір азаматы бостандық пен теңдікте өмір сүре отырып, әйелдер құқығы да қоғам мен заңнама тарапынан еш шектелмесе екен.