Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

«Аманат» партиясы президенттікке үміткер ретінде Тоқаевты ұсынды
06.10.2022
Көріністер:  174

«Аманат» партиясы президенттікке үміткер ретінде Тоқаевты ұсынды

КИЕКЕНОВА Бағдат Базылқанқызы, ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының ғылыми қызметкері, гуманитарлық ғылымдар магистрі

Соңғы уақытта Қазақстан Республикасы ауқымды саяси-экономикалық өзгерістерді, жаңа тарихи кезеңдерді басынан өткеруде. Осы сындарлы уақытта еліміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салмақты саясатымен, байыпты басшылығымен және жігерлі жауапкершілігімен әрдайым халқымызбен бірге болып, мақсат-мүддесін мұңдап, әділ басшы екенін көрсете білді. Және де әлемде болып жатқан күрделі саяси жағдайларға қарамастан халықаралық аренада дипломатиялық тәжірибесімен, көрегендігімен, даналығымен үлкен беделге ие болды.

Ендігі еліміздің алдында тұрған әділдік, ізгілік, білім, бірлік мәселелерін Қазақстан дамуының басты өзегі ретінде алдыға қойып отыр. Әл-Фараби бабамыз «Бақыт – әрбір адам ұмтылатын ұлы мақсат» екенін пайымдаған еді. Демек Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев  халық алдында үлкен адамгершілік пен жауапкершілікті мойнына ала отырып, әділдіктің туын биік ұстайтынына, ұлт болашағын алдыға қоятынына сенемін.


← Тізімге қайту