Дамир Фазылжан ФСДИ саяси зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері
2022 жылдың 16 қарашасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының жұртшылығы алдында сөз сөйледі.
Президент Алматы қаласын "Қасиетті Тәуелсіздігіміздің символы" деп атады. Шынымен де, дәл осында Егемендік декларациясына қол қойылып, Тәуелсіздігіміз жария етілген болатын.
Өз сөзінде, Қасым-Жомарт Кемелұлы қаланың әлеуметтік, экономикалық, жол-көліктік және басқа да мәселелеріне тоқтала отырып, нақты шешімдер жүйесін ұсынды.
Әділетті Қазақстан құру үшін, еліміздің қалаларында өмір сүру бұрыннан да қолайлы әрі жайлы болуы үшін - бір жұдырықтай жұмылып, еңбек етуіміз қажет.
#Toqaev2022