Фазылжан Дамир, PhD докторант, ҚР ҒЖБМ ҒК ФСДИ, Саяси зерттеулер орталығы.
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 1 қыркүйек күні Парламент палаталарының біріктірілген отырысында Қазақстан халқына жолдау жасады. Өз сөзінде Президент ауқымды әлеуметтік-экономикалық реформаларды алға тартты. Атап айтқанда, білім беру саласын қаржыландыру мәселесін қайта қарастыру, әйелдердің зейнетақы жасын 2028 жылға дейін 63-тен 61-ге дейін қысқарту туралы, «Самрұқ-Қазына» қорының қызметін трансформациялау туралы, парақорлардан тәркіленген қаражатты мектеп салуға жұмсау туралы, мектептердегі қазақ және орыс тілдерін оқыту туралы, сот жүйесіндегі кадрлық өзгертулер туралы, астамдыққа салық салу туралы атап өтті. Қазақстан балалары Ұлттық қордың инвестициялық табысынан 50% алатын болады. Бұл қаражат бала кәмелет жасқа толғанға дейін жинақтама қорда сақталатын болады. Президент жобаны 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосуды тапсырды. Мұндай жоба Қазақстан тарихында алғаш рет ұсынылып отыр. Жобаның ойдағыдай жүзеге асуы халықтың өмір сүру сапасын, адам капиталын, әлеуметтік игіліктерді әділетті бөлуге тікелей ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жолдауында білім беру саласына баса назар аударылды. Жоғары оқу орындарына мемлекеттік грант бөлу қайта қарастырылатын болады. ҰБТ нәтижелеріне сәйкес гранттау 30 пайыздан 100 пайыз көлемінде дифференциалданған түрде жүзеге асады. Бұл әділетті қоғам қағидатының тағы бір көрінісі болмақ. Денсаулық сақтау мәселесіне де тиісті назар аударылды. Ауылды мекендердегі денсаулық сақтау орындарын жаңғырту тапсырылды. Жоғары білікті мамандарды даярлау қажеттілігі аталды. Сөз соңында Қасым-Жомарт Кемелұлы а.ж. күзінде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынды. Сонымен қатар, президенттік мандатты бір кезеңге және 7 жылдық мерзімге қысқартуды алға тартты.
Қорытындылай келе, Президенттің жыл сайынға Қазақстан халқына кезекті Жолдауы әлеуметтік-экономикалық жаңғыру тұрғысынан ерекше маңызға ие. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға, адам капиталын дамытуға, әділетті «Жаңа Қазақстанды» құруға деген нақты бағыт-бағдар беретін мәнді құжат болып табылады.
#FSDI