Бүгін 2023 жылы 14 сәуір жұма күні Алматыдағы Достық үйінде Ғылым қызметкерлері күніне орай, Ғылым күніне орай, ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ДАМУ ӨРІСІ: ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ тақырыбында ғылыми-теориялық конференция болды. Аталған іс-шараны ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті M.O. Auezov Institute of Literature and Art, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты және Т.Жүргенов ат-ғы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы бірлесіп өткізді.
Конференцияда қазақ тілінің ғылым тілі ретіндегі әлеуеті, тіл реформасы, жасанды интеллект пен тіл, БАҚ-тағы тіл мәдениеті сынды өзекті мәселелер сөз болды.
Жиында ақын Мереке Құлкенов, филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлы және тағы басқа зиялы қауым өкілдері мен тілтанушылар баяндама жасады. Баяндамашылар қоғамдағы қазақ тілінің орны, тілдің болашағы туралы ойларын ортаға салып, проблемаларды бірлесіп шешудің жолдарын іздеді.
Мәселен Тіл білімі институтының директоры Anar Fazyljan қазақ тілінің ғылым тілі ретіндегі әлеуеті туралы айтса, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының проректоры Шәріпбек Әмірбеков қазақ тілін реформалауды басты назарда ұстау керегін айтты. Сондай-ақ актер, режиссер Асылбек Ихсан қазақ тілінің әуені мен әуезін сөз етті.
Философия, саясаттану және дінтану институтының жетекші ғылыми қызметкері Серік Нұрмұратов «Заманауи қоғамдағы тіл мәселесінің аксиологиялық аспектілері», Тіл білімі институты Ахметтану бөлімінің меңгерушісі Құралай Күдеринова «Дәстүрлі сөзсаптамдағы қазақ тілінің интеллектуалды әлеуеті», Тіл мәдениеті бөлімінің меңгерушісі Назира Әміржанова «Интернеттегі тіл экологиясы: Қазақ сөз мәдениетінің көрінісі» тақырыптарында баяндама жасады.
Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты Бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары Өркен Мамырбаев қазақ тіліндегі ауызша сөзді тану әдісі туралы сөз қозғап, еліміздің жасанды интеллектке бетбұрысы туралы айтты.
Конференция аясында кітап көрмесі өткізілді. Қазақ тіліндегі интеллектуалды ақпарат бойынша сауалнама нәтижесі айтылып, Тіл білімі институтының ғалымдары әзірлеген бірегей жоба – Қазақ тілінің ұлттық корпусы туралы бейнеролик көрсетілді.
Жиын соңында жұртшылық назарына конференция қарары ұсынылып, қабылданды.
ФСДИ ақпараттық-ұйымдастыру жұмысы орталығы