Айкерім АЛТАЙҚЫЗЫ, Философия, саясаттану және дінтану институтының жетекші ғылыми қызметкері
Ежелгі қоғамға да, қазіргі қоғамға да тән қайшылықтардың бірі – либералдық және дәстүршіл көзқарастарды жақтаушылар арасындағы идеологиялық тартыс. Ғылыми еңбектерде бұл конфронтация әдетте «жаңа – ескі», «модернизм – консерватизм», «реформалар – тоқырау», «өзгерістер мен дәстүрлер», «дәстүрлер мен модернизация» тағы басқа балама сөз тіркестерімен сипатталады. Бірақ қандай тілдік тіркестер қолданылса да, бұл бір жағынан қалыптасқан дағдылар, екінші жағынан оны ‑ зертуге ұмтылған жаңаның арасындағы қарама-қайшылықты білдіреді.
Қазақстан қоғамында басқа елдердегі сияқты дəстүршілдер де, либералдар да бар. Біздің елімізде бұл екі топтың сандық қатынасы қандай жəне олардың қайсысы болашақта басымдыққа ие болады деген сұрақ көптеген əлеуметтік зерттеуді қажет етеді. Дінтану бөлімінің жобалары аясында жүзеге асырылған дискурс-талдаудың нəтижелеріне сүйенетін болсақ, қазіргі таңда екі дүниетаным өкілдері жиі пікірталасқа түсіп, қазақстандық бірегейлік пен идеологиялық бағдарлар қандай болу керек тігін мүлдем екі түрлі елестетеді. Бұл ахуалды келесі себептермен түсіндіруге болады: біріншіден, тəуелсіздік жыл дарындағы ұлттық санасезімнің қайта жандануы мен жəне мəдени сəйкестікті іздеумен байланысты дəстүрлі жəне кейде діни құндылықтардың өзекті болуы; екіншіден, жаһандық өркениеттің ықпалы мен мəдени интеграциялық үдерістердің нəтижесінен туындаған либералды көзқарастардың дамуы. Сондай-ақ талдау нəтижелерінен келесі үрдістерді байқаймыз: қазақстандықтар əлеуметтік тəртіп пен ережелерді таңуға бейім келеді, олардан ауытқыған адамдарға сын көзбен қарайды. Дүниетанымдық құндылықтар өлшемі мен сипаты тұрғысынан белгілі бір деңгейде əлеуметтік төзімсіздіктің жоғары екенін айтуға болады.
Қазақстандықтар түрлі идеялар төңірегінде топтасқан. Осыған байланысты мемлекеттілікті күшейтуде азаматтық құндылықтардың белсенділігін арттыру мəселесі алға шығады.
Газета «EGEMEN QAZAQSTAN» №175 (30404) 14 ҚЫРКҮЙЕК 2022 ЖЫЛ