Саясат БЕЙІСБАЙ, Философия, саясаттану және дінтану институтының бас сарапшысы.
Мемлекет басшысының сәрсенбі күні барлық өңірдегі және ел билігі төңірегіндегі басшылармен кезекті басқосуында елдің қазіргі жағдайына байланысты қадау-қадау өзекті мәселелерді ортаға салып, жиын өткізді.
Алдымен жұртшылық алдында Премьер-Министр Әлихан Смайылов ел экономикасында жағдайдың біршама түзеліп келе жатқанын тілге тиек етіп, баяяндама жасады. Үкімет басшысы ел экономикасы тұрақты даму жолына түсті деді. Инфляция ауыздықтала бастағанын, баға тұрақталып келе жатқанын айтты. Осы тұрғыда бірқатар мысалдар келтірген болды. 1800-ден аса жобаны қолға аламыз деді Үкімет басшысы. Ал бөлінген қаражаттың сұрауы бар ма?
Алайда Президент Үкімет жұмысына көңілі толмай отырғанын айтты. Қ.Тоқаев бүгінде қордаланған өткір мәселелердің көп екенін, жағдайдың күрделі тұстарын нақты фактілермен келтіріп, уақыт күттірмей қиындықтан шығу жолдары қажеттігін өткір қойды. Өндіріс күштерін дамытпай, ілгері басу қиын. Шағын кәсіпкерлікті жүзеге асыру қанша айтылғанымен ілгері баспай, тұралап қалды. Мемлекет басшысы қадап айтқанындай, инфляция 20 пайыздан асып кетті. Бұл –дағдарыс.
Отыз жыл бойы жасалды деген істер тек бос сөз, қағаз жүзінде қалды. Бұрынғы завод, фабрикалар, өндіріс орындары қайда қазір? Бәрі жабайы жекешелендірудің кесірінен жоқ болып, құрдымға кетті. Бір ғана мысал, жеңіл өнекркәсіптің флагманы саналған Алматы мақта-мата көмбинаты қайда? Кезінде сонда жұмыс істеген мыңдаған қыз-келіншектер жаппай жұмыссыздар қатарын толықтырып, амалсыз жабайы саудамен, алып-сатарлықпен айналысуға мәжбүр болды. Орнына Армада секілді арбиған сауда орындары пайда болып, онда кілең қымбат шетел тауарлары қаптап кетті. Айта берсе мұндай мысалдар жетерлік.
Ал статистикаға көз салсақ, бәрі керемет. Шын мәнінде бәрі басқаша.
Ауыл мәселесіне келсек, тіпті айтарға сөз жоқ. Азып-тозған, жаппай жұмыссыздық жайлаған елді мекендерден жастар қалаға кетіп қалған. Ауыл маңайындағы жерді пысықайлар жекешелендіріп алған. Ел екі сиырын қайда бағарын білмей дал. Ауылда орта жалақы 50 мың теңге көрінеді. Ауылда малға екпе жасалды деп қыруар қаржы бөлінеді, алайда мал аурулары өршіп тұр. Өйткені бөлінді деген қаржы оң нәтижесін бермей, қолды болған фактілер баршылық. Ауылда халық табысын арттыру керек. Ауылды дамытпай, көсегеміз көгермейді. Бүгінде аулыда техника әбден тозған, трактор, кобайн секілді техникаға қол жеткізу қиын. Субсидия орта жолда қолды болмай, нақты иесіне жетуі тиіс. «Ауыл – ел бесігі», «Ауыл аманаты» бағдарламалары нақты іске асып, оң нәтижесін қашан берері белгісіз.
Шекаралық аудандар мәселесі де өткір қалуда.Сол өңірлерде халық азайып кеткен. Сапалы жұмыспен қамту, ауылға жастарды тарту үшін не істеу керек? Жұртты ынталандыру жәйі қалай? Жалақы, пәтермен қамту, ауылда жастарды қызықтыратын шаралар қамтылуы тиіс.
Аймақтарда теплицалар салынды ірине. Бірақ сонда өндірілген өнімдер Ресейге кеткен. Оны монополист иелері сонда қымбатқа сатуға ұмтылады. Кейбір теплицаларға өткен қыста көмір жетпей өнімдері үсіп кетіп, жарамсыз қалды. Оның үстіне жанармай қымбаттып, енді ауыл өнімдерінің бағасы тағы қымбаттай түсетіні белгілі.
Ауылға кооперациялар керек. Ұжымдық шаруашылықты ұтымды ұйымдастыру да күн тәртібіндегі мәселе. Байқасақ, өзге елдерде сол жақсы дамыған. Өзбекстандағы қышлақтардағы әр үй маңында шағын теплицалар бар. Соны өздері өсіріп, өңдеп, өзін-өзі қамтамасыз етуде. Артығын бізге әкеліп сатуда. Бір кездері әйелдер ауылда қияр, қызанақтардан банкілер жауып, өздерін басқа да азық-түлікпен қамтушы еді, бүгін сол да ұмытыла бастаған.
Расында өткен отыз жылда Қазақстан шикізат өндіруші ел ретінде тығырықтан шыға алмай отырғаны жасырын еместігі баршаға белгілі ғой. Ел шикзат нарығында қалып қойған мемлекетке айналды. Жасыратын несі бар, қазіргі таңда бүкіл агросектор 30-40 кәсіпкердің қолында, субсидия да сол 30 кәсіпкердің иелігінде.
Мемлекет басшысы тарапынан өткізілген жиында сын көп айтылды. Ауыл, аудан, тіпті қалалардың өзі тозып барады. Өткен қыста отыз жылда тозығы жеткен құбырлар шетінен істен шығып, қалалар жылусыз қалғаны баршаға аян. Риддердегі, Екібастұздағы жағдай өзге өңірлерде де орын алуы әбден мүмкін. Отыз жылда ТЭЦ-тер мүлде жаңармаған. Енді соны жөндеп, жаңалауды бағаны өсіріп, халықтың мойнына салып қоюға бола ма? Емханалардағы жағдай да мандымай тұр. Жұрт сонда барып, ұзақ-сонар кезекте тұрып ауру жұқтырғысы келмейтіні айтады. Мектептердің жәйі де мүшкіл. Үш ауысымды мектептер азаюдың орнына көбейе түсуде. Айталық, Алматының іргесіндеш Шаңырақ елді мекенінде 1-ші сыныпта «М» классқа дейін оқиды. Енді бірер жылда сондағы тұрғындар балаларын «Ю», «Я» сыныптарына берерміз деп күледі.
Сонымен, елді дамытуда жедел шешімдер қабылданбай іс ілгері баспайды. Экономиканы демонополизациялау керек дейді мамандар. Қазақстанда монополия 90 пайызға жеткен. Енді соны түзету қамы қолға алынуы тиіс. Қысқасы, ең алдымен, ел қамы - содан кейін қалғаны болу керек.
Президент кеткен кемшіліктерді түзету шараларын қойып, соны сұрауда, қатаң талап етуде. Халықтың табысының жартысынан көбі азық-түлікке кетеді. Соны шұғыл түзепесе болмайды. Жағдай ушығып кетуі мүмікін. Ендігі жерде етек-жеңді түріп, есті жиып, жағдайды түзетпесе болмайды. Қордаланған жағдай күрделене береді. Жабайы нарық қарық қылмай отыр. Бәлкім, дамудың басқа да оңтайлы жолын табу керек болар... Жаңа экономикалық саясат керек пе дейсің.
Бұрын шеткен кеткен қыруар қаржыны елге ұқайтарып, өндіріске салса оларға шара қолданбайды деген ойлар айтылды. Ісімізден сөзіміз көп. Ендігі жерде сөзден нақты іске көшетін кез келді. Экономиканы әртараптандыру керек деді Қ.Тоқаев.
Саяси жүйе өзгергенімен нәтиже байқалмай отыр. Кәсіби мамандар, елге жанашыр кадрлардың біразы шетелге кетіп қалғаны байқалады. Тіпті мемлекеттік органдардан да кәсіби жастар кетуде. Олардың да жұмыс істуге құлықтары жоқ. Басқа елден келіп ешкім бізге жағдайымызды жасап бермейді. Тек өзімізге сенуіміз керек. Есеп беретін Үкіметтің есебі дұрыс па? Жиырма жылдан бері қолға алынған 163 жоба ақыры жүзеге аспады. Солардың көбін қаржыландыруды тоқтатып, қайта қарау керек. Отыз жылда елге 390 миллиярд доллар инвестиция тартылыпты. Сол қыруар қаржының қайтарымы қайда? Елде завод, фабрикаларды, өндіріс орындарын салу керек еді. Жауапкершілік тетігі, бақылау механизмі кемшін деген пікірлер айтылуда. Отыз жылда ұрланған, жымқырылған қаржыны кері қайтарудың мүмкіндігі бар ма? Соны қайтарудың мүмкіндігін қарастырып, жеңілдік жасау керек.
Басты мәселе, халықтың ахуалын жақсару күн тәртібінде тұр.