Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

БІЗДІҢ ТІЛІМІЗ – ЫНТЫМАҚТЫҢ АЙНАСЫ
28.04.2023
Көріністер:  293

                  БІЗДІҢ ТІЛІМІЗ – ЫНТЫМАҚТЫҢ АЙНАСЫ

         

Саясат Бейісбай, Философия, саясаттану және дінтану институтының бас сарапшысы.

Қазақстан Халқы Ассамблеясындағы бірқатар азаматтар еліміздегі мемлекеттік тілдің дамуына өз үлестерін қосып, тәп-тәуір қазақ тілінде сөйлеп те жазып та жүр. Осындай азаматтардың ісі көпке үлгі. Байқасаңыздар соңғы жылдары қазақ тілінде еркін сөйлейтін жастар қатары көбейіп келеді. Осындай өзге ұлттың азаматтарын мыңдап мысалға келтіруге болады.

Бұл енді өз еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге, елге деген құрметі деп білеміз. Ал тіпті күншығыс елі Жапониядан келген жас қыздың қазақ тілінің ерекшелігіне қызығып, аз ғана уақытта қазақ тілін еркін меңгеріп алғандығына риза боласың. Сондай-ақ алыстағы Америкада жүріп, өзінің күш-жігерімен қазақ тілін үйреніп алған дипломаттың ерік-жігері мен ынта-ықыласына құрметіміз шексіз. Алайда сол азаматтың Қазақстанға келіп, Астанада жүріп осы елдің мемлекеттік тілін, яғни қазақ тілін одан әрі дамыта алмай жүргені қынжылтады. Себебі ол кісіге мемлекеттік тілді үйренетін орта жоқ екен. Мұнда араласатындардың көпшілігі орысша сөйлеуге бейім тұрады. Міне осы мәселені түбегейлі қолға алып, мемлекеттік тілдің дамуына жол ашатын кез келді.

Осы арада тағы бір қолға алатын мәселе, жаңа сайланған Парламентте депутаттар қабылдайтын Заңдарды алдымен Мемлекеттік тілде дайындай мәселесін қолға алулары тиіс. Ол туралы депутаттар мәселе көтере бастады.

Тағы бір себеп: заңдардан бөлек, еліміздегі үлкенді-кішілі жиындардың көбісі орыс тілінде өтеді. Қазақша оқылатын баяндаманың өзі алдымен орысша дайындалып, қазақшаға аударылады. Бұл қазақша баяндама жасай алатын қазақтар жоқ дегенді білдірмейді. Оның басты себебі – бұл ақпаратты сұратушылардың мемлекеттік тілді толыққанды меңгермегендігінде немесе мүлде білмейтіндігінде.

Мәселе - ниетте. Мемлекеттік қазақ тіліне деген шынайы ықылас, түзу ниет болса қазіргі орын алып отырған кемшіліктерді түзетуге мүмнкіндік мол. Ал ниет ана тілімізге деген пейіл, ықылас, ынта таныту болып табылады. Елімізде ана тілімізге, оның тағдырына ерекше көңіл бөлінуде. Әсіресе, мемлекеттік мәртебеге ие болып отырған қазақ тілінің қоғамдық қызметін жандандыру, қалыптастыру басты мәселеге айналуы тиіс.

Қазақ тілін жаңғыртудың қазіргі не­гізгі талабы – тілдік қажеттілікпен орайлас. Егер тіл реформасын жүзеге асырмайтын болсақ, мемлекеттік тілге деген сұранысты арттыра түспесек, тілді дамытудың тетіктерін жасамасақ, іс ілгері баспайды.

Қазақстан халқы ассамблеясының құрамындағы мемлекеттік тілге деген ықыластары басым азаматтарды біздің халық еркеше құрметтеп, әрқашан сыйлайды. Біздің тіліміз – бірліктің ынтымақтың айнасы. Осы достығымызды әрдайым нығайта берейік.

Осы арада айтар бір тілек, қоғам қайраткері, тіл жанашыры Асылы Әлиқызы айтқанындай, Қазақстан біздің ортақ отанымыз болса, онда қазақ тілі де бәрімізге ортақ екенін ұмытпайық. Демек, ортақ тілді дамытуға атсалысайық.

 

 

 


← Тізімге қайту