Философия, саясаттану және дінтану институты Дінтанулық зерттеулер орталығының жетекшісі Алмасбек Шағырбай.
• «Жастар әр нәрсеге еліктеп, бой түзейді. Қазіргі балалар телеарналар мен әлеуметтік желілерден өзге ұлттың жасаған анимациялық кейіпкерлеріне қызығып өсіп келеді. Бірақ бізде олардан асып түсетін, шынайы өмірде болған батыр тұлғаларымыз көп. Олардың тағдырына қарасақ, құндылығы біздің жастар қаһарман деп жүрген образдардан әлдеқайда терең екенін байқаймыз. «Кімге еліктеу керек?» дегенде ұлт үшін өлімнен де қорықпай күрескен жандарды жастардың тілінде креативті жеткізе білуіміз керек».
Alatauaraiy.kz