Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Депутаттар мен Үкімет үшін міндеттер
29.03.2023
Көріністер:  283

Депутаттар мен Үкімет үшін міндеттер

   

 

Нұркен Айтымбетов,

ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының

жетекші ғылыми қызметкері, PhD докторы

 

ҚР Президенті Қ.К. Тоқаев жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының шақырылымын 29 наурызда Астана қаласында сағат 10.00-де өткізуді бекітті. Жаңадан сайланған Парламент депуттарының құрамы үшін алдағы бес жыл күрделі сынаққа толы жыл болмақ. Себебі, өткен жылы басталған еліміздегі күрделі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды одан әрі іске асыру жаңа Парламент құрамына жүктелетін болады. Атап айтқанда, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру және әл-ауқатын жақсарту, білім беру, әлеуметтік саясат пен денсаулық сақтау саласындағы реформаларды тиімді іске асыру, заман талабына сай әділетті демократиялық мемлекет институтын қалыптастыру бағытында алға қойған мақсат-міндеттерді атқару бойынша қыруар жұмыстар күтіп тұр.

Парламентке өткен алты партияның өкілдері өздерінің сайлау алды бағдарламалары мен халыққа берген уәделерінде жоғарыда аталған елдегі жалпы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудің түрлі жолдарын көрсеткен болатын. Осы орайда әр партияның өздерінің сайлау алды бағдарламаларының орындалу сапасы қазақстандық қоғамда сайлаушылар тарапынан қатал қадағаланатын болады. Бұл өз кезегінде осы мерзімге сайланған депуттаттардың қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігі немесе өздерінің бағдарламалары мен уәделерін орындамауы сөзсіз бірінші кезекте партияның беделіне, яғни, оның келесі электоралды кезеңге өту-өтпеуіне тікелей әсерін тигізеді. Сондықтан алты партиядан сайлауға түскен депутаттар үшін бұл кезең халық алдында барынша көзге түсіп, елдің дамуында өзінің барынша үлесін қосатын мүмкіндікке толы сынақ мерзімі болатыны анық.

 

 

 


← Тізімге қайту