Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

ӘДІЛЕТ САЛТАНАТ ҚҰРАТЫН ДӘУІР БАСТАЛДЫ
10.01.2023
Көріністер:  360

ӘДІЛЕТ САЛТАНАТ ҚҰРАТЫН ДӘУІР БАСТАЛДЫ

Серік НҰРМҰРАТОВ, философия ғылымының докторы, профессор

Әрбір жан ертеңгісі бүгінгісінен жақсы болуды ойлайды. Сондықтан алғашқы қадамдарымыз жақсы деп санаймыз.

Алғаш рет ақпан айында Мемлекет басшысы тарапынан бастама көтерілгенде Философия, саясаттану және дінтану институтында Жаңа Қазақстанға байланысты жиын өткізгенбіз. Бірнеше ғылыми зерттеу институттармен қоса «дөңгелек үстел» өтті. Ондағы ойымыз – осы идеяға үн қосу еді. Сонда бастапқы қадам «Конституциялық реформа» деген болатынбыз. Біз Ата Заңымызды нақтылап алсақ, сонда ғана ол тұғыр болады. Сонда ғана одан әрі жылжимыз. Өйткені, олигархтар айрықша шалқып, қалғаны тұрмыс тауқыметіне батып, ортадан төмен өмір сүретіндердің шамасы көбейіп кеткен екен. Демек, қарама-қайшы мәселелер көп. Ол әр салада байқалады. Оның ішінде рухани, мәдени салада қателік жетерлік. Осыны түзеудің жолы – құқықтық реформадан бастау керек болды.

Әділетті Қазақстан тек ұрандатудан тұрмайды. Нақты қадамдар қажет. Тездетіп реформалардың орындалғанын қадағалап, нәтижеге жұмыс істеуіміз керек. Бұрын ғалымдармен жұрт санасатын еді. Сол дәрежеге қайта көтерілейік. Абай айтқан «толық адам» ұғымы сонда ғана жүзеге асады. Кемелденген, ақыл-парасаты толыққан адам көш бастаса оңамыз. Ол үшін бітпейтін жалған есеп, ақпар беруді тоқтатайық.

Біздің жұрт жақсылықты күтіп отыр. Оның бір парасы орындалып та жатыр. Алайда, қазақи санамен ойлайтын жастарды өсіру қажет. Бүгінгі қоғамның ой-санасы сонау ХХ ғасырдағы Абай заманынан аса бір өзгере қоймады. Айырмашылық технологиялық прогресспен интернет болар. Бір сөзбен түйгенде, әділет салтанат құрған заман болған. Бәлкім, сонда қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған дәуір орнайды. Бәріміз бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай бірігіп тірлік етейік.

Қазақ мемлекеті мәңгі жасасын!

Газета «Аlmaty-Аkshamy»   №3 (6296) 10 қаңтар, 2023 жыл

https://almaty-akshamy.kz/uploads/files/2023/01/n3.pdf


← Тізімге қайту