Тарихтың түрлі сындарлы кезеңдерінде ұлттың жойылып кетпей, күні бүгінге дейін бой түзеп, болмысын сақтап қалуының астарында рухани тіректің мызғымас күші жатса керек. Қазіргі жаһандану дәуірінде осы рухани негізге қайта оралу – ұлттық тұтастық пен тәуелсіздігіміздің берік тірегі. Бүгінгі күні қазақ халқының рухани әлеміне терең бойлап, тарихынан тағылым алып, болмысын бағамдай білудің маңызы бұрынғыдан да арта түсті.
Рухани құндылық ұғымының тарихи қалыптасуы және қазіргі ұлттық бірегейлікті дамыту тәсілдері туралы NEGE.kz тілшісіне сұхбат берген ФСДИ ғалымы, философия ғылымдарының докторы, профессор Серік Нұрмұратов өз көзқарасымен бөлісті.
https://nege.kz/news/serk-nurmuratov-kazak-halkinin-ruhani-kundiliktari-ulttik-bregeylktn-temrkazigi-d5df17