Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Сарапшылар алғашқы Құрылтай сайлауының нәтижелерін және Қазақстанның саяси дамуындағы жаңа кезеңнің басталуын талқылады
24.08.2026
Көріністер:  20

Сарапшылар алғашқы Құрылтай сайлауының нәтижелерін және Қазақстанның саяси дамуындағы жаңа кезеңнің басталуын талқылады
Астанада «Сайлау-2026: қорытынды және жаңа саяси белес» атты сарапшылық алаңның отырысы өтті. Платформа бірінші Құрылтай сайлауының нәтижелеріне және Қазақстанның саяси жүйесінің одан әрі институционалдық трансформациясына бағытталды. Сарапшылық алаңды ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ ұйымдастырды.

Талқылауға қазақстандық және халықаралық саясаттанушылар, сайлау процестерінің сарапшылары, зерттеу орталықтарының өкілдері, қоғамдық бақылаушылар және саяси байланыс бойынша мамандар қатысты.

Екі тақырыптық сессия барысында қатысушылар қоғамдық және халықаралық бақылаудың қорытындыларын, электоралдық белсенділікті, сайлау науқанының ерекшеліктерін, дауыс беру нәтижелерін және жаңа Құрылтай алдында тұрған міндеттерді талқылады.

Екінші сессияда ФСДИ бас директоры Айгүл Садвокасова сөз сөйледі. Ол электоралдық таңдаудың логикасын талдап, сайлау науқаны кезіндегі партиялық рейтингтердің динамикасын дауыс берудің алдын ала нәтижелерімен салыстырды.

Айгүл Садвокасова қазіргі сайлау науқанының жаңа саяси жағдайларда өткенін және бірнеше кезеңдік әлеуметтік зерттеулермен қатар жүргенін атап өтті. « Әділет» партиясы көшбасшылықта болғандықтан , негізгі интрига кейінгі позициялардың бөлінуіне және қай саяси күштердің 5% табалдырықты еңсеретініне байланысты болды. Сонымен қатар науқан барысында өз таңдауын анықтамаған азаматтардың үлесі біртіндеп төмендеген.


← Тізімге қайту