Бұл жолғы жолдаудағы бізді елең еткізген мәселелерге тоқталсақ:
Экономика саласындағы бәсекелестікке жол ашу мәселесі. Бізді құртып отырған барлық саладағы, әсіресе экономикадағы монополия. Өз сөзінде Қ-Ж. Тоқаев "Монополистердің тарифтері қатаң бақылауға алынады" деп нақтылады. Жалпы бәсеке болмаған жерде даму болмайды. Ал монополия бәсекенің қас жауы. Сондықтан мемлекет басшысының осы нұсқауы жүзеге асатын болса, елімізде ашық бәсекеге жол ашылады деп есептейміз.
Президент әлеуметтік жағдайға байланысты "Еңбекақыны нарықтағы жағдайға сай өсіру – халықтың әл-ауқатын арттырудың басты факторы" деді. Расында бізде инфляция мен жалақы мөлшерінің балансы жоқ. Сол үшін де халықтың әл-ауқаты жылдан-жылға төмендеп барады.
Президент мандатының ұзақтығын 7 жылға ұзарту туралы ұсынысты орынсыз деп есептеймін. Президент ашық сайлауға және сайлаудың көрсетілген уақытында өтуіне маңыз беруі керек деп ойлаймын. Біздің ел бұған дейінгі тарихында кезектен тыс сайлау өткізудің зиянын көрді. Конституциядағы норманы өзгерте беруден біз абырой таппаймыз.
Жолдауда көтерілген тиімді ұсыныстар сәтімен жүзеге асып, ел іргесі берік болсын.
Нұрбол Қалдыбеков
ФСДИ ғылыми қызметкері
#FSDI