Омарова Гүлнар, ҚР ҒЖБ ҒК Философия, саясаттану және дінтану Институтының Жетекші ғылыми
2022 жылдың 17 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордамыз, Нұр-Сұлтан қаласының атауын Астана деп, - өзгерту туралы жарлыққа қол қойды. Бұл бастаманы «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мүшелері көтерген болатын. Бұл туралы айшықтап айтатын болсақ, 2019 жылы 23 наурызда Қ.К.Тоқаев президент болып сайланғаннан кейін, елорданың Астана атауын, Нұр-Сұлтан - деп, өзгерту туралы жарлыққа қол қойған ,болатын. Осыдан бастап, «Қазақстанның әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы заңының 9 – бабына сәйкес Астана қаласы Қазақстанның астанасы «Нұр-Сұлтан» қаласы деп, қайта аталсын» дейтін жарлығына байланысты 2022 жылдың 16-шы қыркүйегіне дейін Нұр-Сұлтан аталып келген қазіргі елорда атауына өзгеріс енгізіліп, елорда қайтадан Астана аталатын болды. Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың 17 қыркүйегіндегі қаулысына дейін Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілетіні туралы заңға қол қойылғаны алдын ала хабарланған болатын. Осы түзетулердің біріншісі: – президенттің өкілеттілігін жеті жылға дейін созу және тек бір мерзімге ғана сайлау болса, екіншісі: - Конституцияға елорданың атауын «Астана» деп, қайтадан өзгерту енгізу яғни, түзету туралы шешім қабылданған болатын. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов елорда атауын өзгерткеннен кейін осы уақытқа дейін қоғамда әртүрлі пікірталастар толастамай отырғанын тілге тиек ете келе, бұл әділетті қоғам, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» ретінде халықтың тілегін орындау мақсатында іске асырылған шешім екенін жеткізді.
Осыған орай, елорда атауын Астана деп, өзгерту жөнінде Президент Жарлыққа қол қойды. Осы жарлық жарияланған сәттен бастап, күшіне енді. Бұдан былай елордамыз Астана қаласы деген ресми атауға ие болды.