Академик Д.Кішібековтің философиялық және тарихи мұрасы
24.12.2025
Көріністер: 347
025 жылғы 24 желтоқсанда ФСДИ Әлемдік және қазақ философиясы орталығының жетекші ғылыми қызметкерлері Қоңырбаева Күлсия мен Омарова Гүлнара Қазақстанның көрнекті ғалым-философы, ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Кішібеков Досмұхамед Кішібекұлының 100 жылдығына арналған «Философия, тарих және өркениет: академик Досмұхамед Кішібековтің мұрасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Іс-шара Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты тарапынан ұйымдастырылды.
Конференцияның мақсаты - отандық философия мен тарихи ғылымдардың дамуына елеулі үлес қосқан Д.К. Кішібековтің ғылыми мұрасын зерделеу, қазіргі рухани-мәдени және әлеуметтік-философиялық мәселелерді талқылау, сондай-ақ Қазақстан ғылымындағы ғылыми дәстүрлердің сабақтастығын сақтау және дамыту.