ФСДИ ДІНТАНУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ШАҒЫРБАЙ АЛМАСБЕК
МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгінде ғылым адамзат тіршілігінің барлық саласын дамытудың ең басты факторына айналды. Ұлттық ғылымның заманауи және тиімді жүйесін қолдай білу қасиетті ғылыми жетістіктер санын сөзсіз еселей түседі. Сондай-ақ ғылым елдің бәсекеге қабілеттілігін дамытушы маңызды сала. Бабаларымыз ілім мен ғылымның тек оқу арқылы табылатынын дұрыс ұғынған. Халқымыз үшін білім мен ғылымның, тәрбие мен тәлімнің орны қашанда жоғары.
12 сәуір - Ғылым қызметкерлерінің күніне орай ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, Дінтану орталығының директоры Шағырбай Алмасбек Дүйсенбекұлы Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары Білім Министрлігінің Құрмет Грамотасымен марапатталды.
Алмасбек Дүйсенбекұлын марапатымен шын жүректен құттықтап, толағай табыстар мен биік белестер тілейміз!
Философия, саясаттану және дінтану Институтының Дінтану орталығы