Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Айгүл Садвокасова халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайына қатысты.
???? Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде ана тілі мәселесінің мемлекеттік, саяси және ұлттық маңызы бар ерекше тақырып екенін атап өтті. Сондай-ақ қазіргі таңда тіл мәселесі бүкіл әлемде өзекті әрі нәзік мәселеге айналғанын жеткізді.
Президент 1989 жылы көрнекті ғалымдар, академиктер Әбдуәли Қайдар мен Өмірзақ Айтбайұлының бастамасымен құрылған «Қазақ тілі» қоғамының мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтудағы рөліне тоқталып, ұйымның егемен Қазақстан тарихындағы ерекше орнын атап өтті.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы қазақ тілін ғылым, білім және заманауи технологиялар тілі ретінде дамытуға қатысты бірқатар басым міндеттерді белгіледі. Атап айтқанда, қазақ тілінің ұлттық цифрлық қорын қалыптастыру, орфографиялық нормаларды жетілдіру, ғылыми терминологияны дамыту және сапалы қазақтілді контент аясын кеңейту мәселелеріне назар аударды.
Сөз соңында Президент қазақ тілі бүкіл халықтың ортақ игілігі әрі ұлттық бірліктің берік тірегі екенін атап өтіп, оның дамуы әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін жеткізді.
https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-halykaralyk-kazak-tili-kogamynyn-h-kuryltayynda-soylegen-sozi-1010357