Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

ФСДИ бас директоры ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобының құрамына енді
24.11.2026
Көріністер:  9

ФСДИ бас директоры ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобының құрамына енді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобының құрамын бекітті.

Сарапшылар тобына ҚР Вице-Президенті Ерлан Қарин жетекшілік етеді. Оның орынбасарлары болып ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Аида Балаева және Президенттің кеңесшісі - Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев тағайындалды.

•  Сараптама тобының құрамына Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Айгүл Садвокасова енді.

Сараптама тобы - ҚР Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Оның қызметі еліміздің ұзақ мерзімді дамуына қатысты тұжырымдамалық тәсілдер мен басымдықтарды сараптамалық тұрғыдан пысықтауға, сондай-ақ талдамалық, әлеуметтік және форсайт-зерттеулердің нәтижелерін талқылауға бағытталған.

Институт басшысының Сараптама тобының құрамына енуі Институттың Қазақстанның стратегиялық даму мәселелерін сарапшылық талқылауға қатысуына, ғылыми зерттеулер нәтижелерін ұсынуына және елдегі қоғамдық-саяси әрі әлеуметтік үдерістерге қатысты ұсыныстар әзірлеуіне қосымша мүмкіндіктер ашады. Сонымен қатар ғылыми қауымдастық пен мемлекеттік институттар арасындағы өзара байланысты нығайтуға ықпал етеді.


← Тізімге қайту