Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби мереке қарсаңында ғылым саласында зор жетістікке жеткен және жоғары білімді дамытуға елеулі үлес қосқан ғалымдарды мемлекеттік наградалармен марапаттады.
10.04.2026
Көріністер: 150
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби мереке қарсаңында ғылым саласында зор жетістікке жеткен және жоғары білімді дамытуға елеулі үлес қосқан ғалымдарды мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Салтанатты шара барысында Президент бір топ жас ғалымға пәтер кілттерін табыстады. Бұл бастама отандық ғылымды дамытуға серпін беріп, жас зерттеушілерді қолдауға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Аталған игі бастама аясында Философия, саясаттану және дінтану институтының Әлеуметтану орталығының жетекшісі, жас ғалым Шырын Тленчиева пәтер кілтін иеленді.
Бұл маңызды жетістік – кәсіби біліктілік, ғылыми әлеует және әлеуметтану ғылымының дамуына қосқан үлестің жоғары бағалануының айқын көрінісі.
Біз әріптесімізді осы қуанышты оқиғамен шын жүректен құттықтай отырып, ғылыми қызметіне жаңа жетістіктер тілейміз!