Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Деструктивті ағымдардың қате ұстанымдарының қырлары
16.06.2023
Көріністер:  350

Деструктивті ағымдардың қате ұстанымдарының қырлары

 

Алмасбек Дүйсенбекұлы Шағырбай

ФСДИ Дінтану орталығының директоры

 

 

Ислам дінінің негізін қалаған тарихи тұлға Мұхаммед пайғамбар (c.ғ.с) өз заманында діннің 73 тармаққа бөлінетін айтқан болатын, осы тармақтардың барлығы адасушылар болады, тек бір ғана топ тура жолда болады деген кемеңгерлік насихатын жеткізген. Әлемдік мұсылман ғалымдарының пайымынша осы тура жолдағы діннің тармағы сүннет ұстанушы жамағат деп белгіленген, қазіргі таңда 4 мазхабтарды ұстанушы қауымды айтады. Деструктивті діни ағымдардың іс-әрекетінен көптеген зиянды нәтижелер орын алуда, аталған діни ағымдардың қоғамға әсерін бағалау үшін олардың пайымдық көзқарастарына тоқталып өтсек.

​Классикалық исламдағы 4 мазхабтарды мойындамау өздігінше жеке діни бағыт іздеу айтарлықтай қате болып табылады, мазхаб имамдары мұсылманшылықтың қайнар бұлағы саналатын Құранды, хадистерді, ғалымдар мен дінді жеткізуші тұлғалардың деректерін, өмірлік жолдарын зерделеу арқылы 4 мазхабтарды қалыптастырған, шамамен 13 ғасыр бойы діни нұсқаушылықты біздің заманға дейін жеткізген, аманат иелері болып есептеледі.

​Иман мен амалдың негізгі айырмашылығында, деструктивті ағым мүшелері амал жасамаған, яғни парыздар мен сүннеттерді орындамаған (намаз оқу, ораза тұту, діни атрибуттарға мән бермегендерді) күнәхар, діннен безген деген қате түсініктерін насихаттауға тырысады. Дәстүрлі исламның ұстанымында дінге сенуші жүрегінде сенімі бар, алайда діни парыздарды орындауға толықтай дайындығы, мүмкіндігі болмауы мүмкін деген пайымдары бар, иман өлшемі жақсы адам болып өмір сүру, айналасы мен қоғамға зиянын жасамау тәрізді түсініктерге негізделген. Діни парыздарды орындауға дайындығы (рухани, интеллектуалды, материалды, ар-ожданы арқылы) осындай өлшемдермен айғақталатыны кездеседі.

​Қарулы джихад идеясындағы діни ағымдардың қателіктері көзқарастарына байланысты, шетелдік уағызшылардың әсерлі бейне, аудио, мәтіндік әдебиеттерінде араб тіліндегі ақпараттары психологиялық, риторикалық ерекшеліктерді пайдалану тәсілімен белгісіз аймақтарға қарулы қақтығысқа қатысуды үндейді. «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» немесе ресми мемлекеттік органдардың ескертулерінде шет мемлекеттердегі немесе ел ішіндегі қандай да бір теріс әрекет заңға қайшы элементтерге жол берілмейтінін және құпталмайтынын жиі ақпараттандыруда.

​Діни білімдері толық болмаған және пәтуа беру мәселесінде тым белсенділік танытқан деструктивті діни ағым ұстанушыларының қателіктері өздеріне және оларды тыңдаушы жастарға кері әсерін тигізуде. Ресми деректерде «Жусан», «Русафа» гуманитарлық операцияларда 1000 ға жуық еліміздің азаматтары отбасыларымен бірге «ИГИЛ» (ДАИШ) лаңкестік ұйымының құрбаны (ментальді, пікірдегі, көзқарастағы) болғаны белгілі, Қазақстан тарапынан аталған адамдардың өмірлеріне қауіп төнгеніне орай оларды Елімізге қайтарып жеткізген.

​Жат діни ағымдардың негізгі қателіктерінің бірі ниет пен құрметтің айырмашылығын ажырата алмауында, үлкенге құрмет, кішіге ізет түсініктерін қате түсіне де, салдарында намаз орындамайтын, мешітке бармайтын адамдарды Құдайға қарсы адам ретінде қабылдайды. Тарихтағы әйгілі тұлғалар мен ата-баба рухына Құран бағыштау, ас дастарханын беру сияқты дәстүрлерді жоққа шығарып қателесуде. Әулиелер мен рухани тұлғалардың кесенелері мен бейіттеріне барып Құран оқу, «келіннің сәлем салуы», «қызыл түсті шүпіректі» үйге немесе көлікке байлауын Аллаға серік қосу деген түсініктері құрмет пен құлшылық терминдері, түсініктерінің айырмашылығын ажыратуға тырыспайтындары орын алуда.

​Деструктивті діни ағымдардың азаматтық қоғамға теріс әсерлері мен насихатталуының себеп-салдарын болдырмау мақсатында қоғамдағы мәдениет, білім, ғылым, өркениеттілік, құқықтық тәртіп пен ашық қоғам принциптерін дамытуымыз қажет, жат діни ағымдар шетелдік топтардың арбауында жүргенше, еліміздің азаматтары болғаны айтарлықтай тиімді.

 


← Тізімге қайту