Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Жазғы мектеп. 4-күн
11.06.2026
Көріністер:  183

 Жазғы мектеп. 4-күн
I Жазғы мектептің «Әлеуметтік теориялардан басқарылатын деректерге дейін: Social Science* Digital* Policy бағытында гибридті құзыреттерді қалыптастыру» бағдарламасы аясындағы төртінші күн дәлелді білім, саясаттық талдау және әлеуметтік зерттеулердегі деректер инфрақұрылымы мәселелеріне арналды.

«Іс-әрекетке арналған дәлелді білім: policy analysis, интерпретация және шешімдерді қолдау» модулінде қатысушылар ғылыми нәтижелер мен идеялардың қоғамдық саясат құралдарына айналу жолдарын, сарапшылық тәжірибелерді және академиялық білімнің қоғамдық кеңістікке ену тетіктерін талқылады.

ФСДИ қызметкерлері баяндама жасады. Бас директор Айгүл Садвокасова ғылыми нәтижелердің қоғамдық кеңістіктегі рөлі туралы, бас ғылыми қызметкер Асқар Шоманов саяси аналитика туралы, ал Цифрлық әлеуметтік ғылымдар орталығының жетекшісі Рұстем Мұстафин ғылымды БАҚ-та ұсыну және сарапшылық позиция қалыптастыру мәселелері туралы сөз сөйледі.

Екінші модуль «Әлеуметтік зерттеулердегі деректер инфрақұрылымы: базалар, платформалар және зерттеу экожүйелері» тақырыбы аясында қатысушылар World Values Survey, Asian Barometer және World Religion Database сияқты халықаралық деректер базаларымен танысты.

Осы модульде «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры, World Values Survey-7 жобасының жетекшісі Ботагөз Рақышева дәріс оқып, халықаралық деректер базаларының салыстырмалы әлеуметтік зерттеулердегі рөліне тоқталды.

Дәрістер қатысушылар мен спикерлер арасындағы белсенді пікірталас және зерттеу тәсілдерімен алмасу форматында өтті.


← Тізімге қайту